Коронавирус • 13 Қараша, 2020

Коронавирус жұқтырған 192 адамның жағдайы нашар

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жағдайы бойынша бүгінгі деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 192 адамның жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 192 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.