Қоғам • 13 Қараша, 2020

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған азамат ұсталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Булаево теміржол станциясында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүк құрамының жартылай вагонында Ресейге шығу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған азамат ұсталды

2020 жылғы 11 қарашада шекарашылар техникалық құралдардың, атап айтқанда бейнебақылау камераларының көмегімен сағат 23.41-де Булаево теміржол станциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүк құрамының жартылай вагонында Ресейге шығу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Қазақстан азаматына қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.