Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Сарыағашқа 70 мыңға жуық турист келген

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына биылдың 9 айында 70 мыңға жуық турист келген. Оларға 47 емдік - сауықтыру шипажайы, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері,  гольф клубы және 21 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ биыл туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 450 млн теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 80 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағашқа 70 мыңға жуық турист келген

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев ауданда жалпы 4,3 млрд теңгеге 22 нысанның құрылыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Оның ішінде, ауызсумен қамту бойынша 2 нысан, тұрғын үй құрылысы бойынша 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 8 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған 10 нысан келесі жылға өтпелі болады. Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде айта кетсем, өткен жылы 50,7 пайыз болса, биыл бұл көрсеткішті 69 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал, ауызсумен қамту бүгінгі таңға 50,7 пайыз болса, жыл соңына дейін 56,3 пайызға жеткіземіз деп отырмыз. Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,5 пайызы қамтылған", деді аудан әкімі.

Жалпы ауданда биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен 55,2 шақырым болатын 34 көшені орташа жөндеу жұмыстарына және жаңа көпір құрылысына 1 591,7 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жұмыстарды қараша айында толығымен аяқтау жоспарлануда.