Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында  пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша  анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды

11 қараша күнгі рейд барысында полицейлер облыс орталығының сауналардың бірінен тұтынушыларға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан қала тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен   сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осы шара аясында қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 18 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынудың 2 дерегі анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449 және 450 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.