Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Алматыда ЖРВИ жұқтырғандардың саны артты

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиялық басқару департаменті ЖРВИ жұқтырудың күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда ЖРВИ жұқтырғандардың саны артты

Санитарлық-эпидемиялық жағдай ЖРВИ және тұмау секілді маусымдық аурулардың өршуіне байланысты қиындаған. Өткен жылмен салыстырғанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурулар 2,2 есе артқан. 

"Барлық топтағы адамдардың коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп келе жатқаны алаңдатып отыр. Науқастардың саны 22 қазаннан бері күрт өсті. Кейінгі тәуліктің өзінде коронавирус жұқтырған 77 адам анықталды. Бұл адамдар көпшілік жиналатын орындағы эпидемиялық процестің белсенді болуына байланысты. Эпидемиялық тергеу нәтижесінде вирус жұқтырудың 53 пайызы қоғамдық көлікте, 23 пайызы үй жағдайында, 17 пайызы қоғамдық пайдалану орындарында болатыны анықталды", дейді ведомство өкілдері.