Бүгін елорданың хақ төрінде "Қазмедиа" орталығында журналистика саласындағы "Үркер-2020" ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен "Жылдың үздік фотосуреті" аталымында тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет жеңімпаз атанды.
"Жылдың үздік репортажы" аталымы Kyzylorda-news.kz порталының журналисі Нұрсұлтан Мықтыбаевқа, "Жылдың үздік аналитикалық материалы" аталымы Strategy2050.kz порталы журналисі Қайрат Жандыбаевқа, "Жылдың үздік журналистік зерттеуі" "Время" газетінен Михаил Козачковқа бұйырды.
Ал еліміздің бас басылымы "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева "Жылдың үздік сұхбаты" және "Sputnik Казахстан" агенттігінің тілшісі Тимур Ниталиев "Жылдың үздік танымдық материалы" аталымында көш бастады.
"Радиостанциядағы үздік жоба" аталымы "Atyray" радиостанциясының "Эфирде 102 FM" бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы "Жылдың үздік жаңалықтар порталы" аталымында үздік атанды.
"Жылдың үздік газеті" сыйлығы Жамбыл облыстық "AQ JOL" газетіне берілді. Сонымен қатар "Жылдың үздік журналы" "Жұлдыз" журналы жеңімпаз деп танылды.
Ал Шерхан Мұртаза атындағы номинация публицист Қайнар Олжайға бұйырды.
Сонымен қатар "Kazinform" халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы "ТАСС" агенттігі мен "Kaznews" Моңғолиядағы қазақтілді порталға берілсе, "Казахстанская правда" газетінің арнайы сыйлығы ардагер журналист Татьяна Костинаға табысталды.
Айта кетейік, 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында ұйымдастырылған "Үркер" ұлттық сыйлығының 11 аталым бойынша қатысушыларынан 470 өтінім келіп түсті. Бүгін әр аталым үздігіне "Үркер" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Ұлттық бәйгені Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар