Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Ювеналдық полицейлердің жұмысы жандануда

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

СҚО полицейлері кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын каникул кезінде  жандандыра түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ювеналдық полицейлердің жұмысы жандануда

Жастар көп жиналуы мүмкін деген орындарда рейд жүргізілуде. Жалға берілетін пәтерлер мен коттедждер ерекше назарда болды. Полицейлермен бірге Петропавл қаласы прокуратурасының, білім беру ұйымдарының, оның ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы қоян-қолтық жұмыс жасады. Аталған жұмыс "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 11 қарашадан бастап күшейтілді. ЖПІШ алғашқы күні 17 отбасы тексеріліп, 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейд кезінде сегізінші және алтыншы сыныптың екі оқушысының алкогольдік ішімдік ішу әрекеті анықталды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кейбір ата-аналардың жауапкерсіздігі қауіптіліктің тағы бір факторы болып табылады. 11 қарашада Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 35 жастағы әйел мен 29 жастағы бірге тұратын адамына қатысты ювеналдық полиция жинаған материалды қарастырды. 5 айлық баласы бола тұра екеуі де жұмыс істемейді, ішімдікті асыра пайдаланады. Ер адам туысының үйінде тұрғанда масаң күйде жанжал шығарғаны үшін үйден қуылған. Қолында баласы бар олар қараусыз қалған автокөліктің салонында түнеп шыққан. Комиссия бөбектің тағдырын шешті: ол Сәбилер үйіне жіберілді. Ата-аналар ішімдіктен бас тартуға, жұмысқа орналасып, тұрғын үй мәселесін шешуге уәде берді. Уәделерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралатын болады. Осындай жағдайларды болдырмауға бағытталған тұрмысы төмен отбасыларды тексеру жүргізілді.