Оңтүстік Қазақстан • 14 Қараша, 2020

"Шымкентке 2200 жыл" атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта "Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы" жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай "Шымкентке 2200 жыл" атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шымкентке 2200 жыл" атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды

Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі. Бұл тойдың жөні бөлек. 

Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық "Цитадель" қақпасына келіп тоқтайды. Сонымен қатар, керуен қоржыны қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап, Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы және халықтың тілегіне толтырылып Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады.

Бүгінгі іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті.