Өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша енгізілген геоақпараттық портал, төтенше жағдай кезінде жедел іске қосылған stopcovid.kz сайты, iKomek109 Uralsk және орталықтандырылған 112 call-орталығы, «SmartUralsk» мобильді қосымшасы жергілікті халықтың көп жұмысын жеңілдетіп, қолын ұзартты.
Айта кетейік, жоғарыда аталған IT-шешімдердің көбін жасаған жергілікті компаниялар екен.
Биыл өңірде тұрғындар саны 250-ден асатын елді мекендердің бәрінде 3G/4G жылдамдығы бар мобилді интернет желісін іске қосу туралы жоба қолға алынған болатын. Жыл соңына дейін осындай 70 ауыл жедел интернеттің игілігін көрмек.
Батыс Қазақстан облысы