Қоғам • 16 Қараша, 2020

Қиын кезде көмектесті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа байланысты жария­ланған карантин кезінде Батыс Қазақстан облысында 77 мың азамат 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған.

Қиын кезде көмектесті

Биыл елімізде енгізілген жалпы ка­ран­тинді жағдайға байланысты уақыт­ша табыссыз қалған 77 мыңнан аса батысқазақстандық азамат мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмекке ие болды. Ал Елбасының бастамасымен «Біргеміз» қоры өңірдегі 29 мыңнан аса адамға 1,4 млрд теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек көрсеткен.

Сондай-ақ 4,7 мың отбасы жал­пы со­масы 1,3 млрд теңгеден аса атаулы әлеу­меттік көмек алған екен. «Биылдан бастап 5 мыңға жуық балаға 277,3 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама бе­рілді» дейді өңір басшысы Ғ.Есқалиев.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық деңгейі – 5% көлемінде. Жыл басынан бері өткен 10 ай ішінде өңірде 16 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған.

2020 жылы жұмыссыздықты төмен­дету және облыс халқын жұмыспен қам­ту мақсатында жасақталған кешенді жос­­парға сәйкес 18 мыңға жуық адам жұ­мыспен қамту шараларымен қам­тылған екен.