Бірінші тренд – мақсатты аудиторияның ұлғайғаны ұлғайды. Пандемия кезінде адамдардың қызығушылық танытқан салалары, құндылықтары көбейді, нәтижесінде мақсатты аудитория да кеңейді. Әлеуметтік желілер де тұтынушылардың талғамына бейімделуге және жаңа бағыттар ұсынуға тырысты. Мәселен, TikTok өзіне контент жасаушы афроамерикалықтарды қолдау науқанын іске қосты. Cabdury оқшаулану кезінде ең көп қиналатын топ ретінде егде тартқан азаматтарға арналған контенттерді көбірек берді.
Екінші тренд – мүмкіндіктерді көре білу. Айталық, Майкрософт Аустрияда білім беру мекемелеріне қашықтан оқытуға қажетті сервистерді ұсынды. Яндекс Ресейде жұртшылыққа коронавирус тестілерінің нәтижесін жеткізіп берумен айналысты. Онлайн сауда белең алды, Reels, TikTok, YouTube, Likee бәрі саудамен айналысты. Сториз, стрим, қысқаша бейнероликтердің барлығы сауда құралына айналды. Ірі компаниялардан бастап қатардағы қолданушыға дейін цифрлы технологияларды сауда құралына айналдырды деуге негіз бар. Нәтжесінде онлайн-сауданың өсу қарқыны үлесі болжанған межеден 30 пайызға асып түсті.
Үшіншіден, азаматтардың эмоциялық орнықтылығына баса мән берілетін болды. Әлеуметтік желі арқылы адамдардың эмоциялық ахуалына мониторинг жасаған Hedonometer биыл күзейліске ұшырағандардың қатары бұрнағы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп болған-ды. Бұл халықтың денсаулығы мен демографияны айтпағанда, тұтынушылық қабілетке,жалпы экономикаға әсер ететін факторға айналды. Сол себепті дүние жүзі бойынша компаниялар психологиялық көмек көрсететін «қызу желілерді», виртуал терапия сервистерін ұсынуға көшті, эмоциялық жағдайды өлшейтін және медитация жасайтын қосымшалар іске қосылды.
Төртінші тренд, адамдардың қызықты талап етуі күшейді. Әдетте бірнеше күндік демалыстарда халықтың алданышы болатын телевидение өнімдері бұл жолы аздық етті. Кинотеатрлар жабылды, киноөндірістің жұмысы да біршама баяулады. Аудитория зерікпеуі үшін әлеуметтік желілер түрлі акциялар ұйымдастырды. Онлайн киносервистердің қарасы көбейіп, Нетфликске бәсекелестердің қатары пайда болды. Эрмитаж, Лувр, Третяков галареясы, Нью-Йорк метрополитеті сынды әлемдегі ең ірі музейлерден бастап барлық музейлер онлайн бейнеэкскурсия ұйымдастыруды жолға қойды.
Бесіншісі, Z ұрпақтың жағдайын ойлау. Пандемия алдын ала жасалған жоспардың 100 пайыз орындалуы қиын екеніне адамдардың көзін жеткізгендей болды. Бұл әсіресе прагматикалық санаға бой алдырған Z буынға, яғни 2000-2005 жылдары дүниеге келген жастарға қатты соққы болды, себебі олардың 95 пайызы болашақты өзіміз айқындаймыз деп санайтын. Енді белгісіздікке бой алдырған жастарды оқудың, жұмыс істеудің қажеті бар ма деген сұрақ көбірек толғандыратын болған. Осыны ескерген үкіметтер, ірі компаниялар жастарды ынталандыруға арналған онлайн бағдарламаларды көбейте бастады.