*АҚШ әскери-әуе күштерінің командованиесі жойғыш ұшақтар үшін лазерлі қару жасау ықтималдығы мол екендігі туралы ақпарат таратты. Егер мұндай қару жасалған жағдайда, ол орнатылатын ұшақтар 2030 жылдан кейін пайдалануға берілетін болады. Ал ұшақтарды алғаш рет сынақтан өткізу 2022 жылы жүзеге асырылмақ.
*Франция таяудағы алты ай бедерінде Орталық Африка Республикасына қосымша 1 мың солдат жіберу ниетінде. Бұл жөнінде елдің қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан мәлімдеді. Қазіргі кезде ел басшылығы бұл қадамға баруға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатын күтіп отыр. Ал француз контингенті аталған Африка елінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет көрінеді.

*Голливудтық продюсер, 68 жастағы Арнон Милчэн Израиль барлауына жұмыс істегенін мойындады. Бұл туралы ол Израиль телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Милчэннің Израиль арнайы қызметімен байланысы бар екені туралы әңгіме бұған дейін де айтылып келген еді. Енді бұл жайт алғаш рет нақтыланып отыр.
*Йеменнің астанасы – Сана қаласында мотоцикл мінген белгісіз содырлар екі ресейлікті атып өлтірді. Мұны жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Дерек көзінің сөзіне қарағанда, қаза тапқандар жергілікті әскерилерге көмектесіп жүрген ресейлік әскери нұсқаушылар көрінеді.
*Әзірше Қытайдағы жеке-дара авианосец болып табылатын «Ляонин» ұзақ мерзімді сапарға аттанды. Корабль Шаньдун провинциясындағы Циндао жағалауынан шығып, Оңтүстік-Қытай теңізін бетке алған. Ұзақ мерзімді сапары барысында авианосец алғаш рет екі теңізді: Сары және Шығыс-Қытай теңіздерін кесіп өтпек. Осылайша кеменің құрал-жабдықтары тексерістен өткізілмек екен.
*АҚШ-тың ең үлкен мегаполисі – Нью-Йорк қаласында Санта-Клаустардың дәстүрлі шерулері өтпейтін болды. Дәстүрлі шерулер барысында қайырымдылық мақсатында қаржы жиналатын. Волонтерлер ұйымының вице-президенті Рейчел Вайнштейннің сөзіне қарағанда, бүгінде Санта-Клаустар ақша жинаудың тиімді тәсілі болып табылмайды. Себебі, соңғы жылдары жомарт америкалықтар қатары айтарлықтай сиреп кетсе керек.
* Американың GQ журналы ықпалы кері сипаттағы атақты адамдардың тізімін жасады. Антирейтингке өздерінің танымалдығын теріс пиғылда пайдалануға әрекеттенген актерлер, поп-жұлдыздар, спортшылар мен саясаткерлер енген. Үстіміздегі жылы бұл тізімді бұрынғы баскетболшы Деннис Родман бастап тұрса, АҚШ президенті Барак Обама да назардан тыс қалмапты. 17-орындағы оған істен гөрі сөзге көп мән беретін «көкмылжың» президент ретінде аталған тізімнен орын тиіпті.
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.