Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дегенді бекер айтқан жоқ. Ғұлама ғалымның «сөз» деп отырғаны «тіл». Алғаш Кеңес өкіметі құрылған жылдары одақ құрамында ресми тіркелген 194 түрлі ұлт пен ұлыс болыпты. 1991 жылы одақ ыдырағанда бұлардың тең жартысы, яғни 50 пайызы жоғалып кеткен. Бұлар қалай жоғалды?

Шындығында, бұл халықтар жеке тұлға, адам ретінде жойылып кеткен жоқ. Тіпті күні бүгіннің өзінде бұлардың жұрнағы әрқилы жағдайда өмір сүріп жатыр. Ендеше, ұлт-ұлыс ретінде неліктен аты аталып, түсі түстелмейді? Өйткені бұлар тілін жоғалтып алғандықтан, өздері жоғалды. Яки, сен қай тілде сөйлесең, сол ұлттың өкілісің. Француз философы Эмиль Сьоран айтқандай, «адам мемлекетте емес, тілде өмір сүреді». Ахаң айтқандай, қандай бір ұлттың жойылып кетуіне басты себеп – тіл.
Мысалы, Латын Америкасына отарлаушылар барғанға дейін, онда ежелгі мәдениеті бар 90 миллион халық болыпты. Екі жүз жыл өткенде байырғы жұрт аборигендерден аман қалған 3,5 миллион адам әзер табылған. Бір ғана Бразилия аумағында 1600 жылы 230 тайпа болса, 1957 жылы осылардың 70 пайызы жоғалып кеткен. Неге олай болды?
Үлкен қаламгер Әбіш Кекілбаев 2007 жылы жарық көрген «Тіл және тәуелсіздік» атты монографиясында латынамерикалық аборигендерді құрту үшін, әуелі отарлаушылар тарапынан олардың тұрмыс-салты мен тілі үнемі әжуаланып, өздерінен өздері ұялатындай жағдайға жеткізілді. Ұдайы кемсітілді, мазаққа ұшырады. Отырса опақ, тұрса сопақ делінді. Екіншіден, туған тілінде сөйлетпей, бәрін испан және португал тілінде сөйлеуін талап етті. Жүздеген тілдер ұмытылып, орнына қолдан жасалған испандық креол және португал лусофон тілі пайданалылды, отарлаушылар бір халықты жойып жіберудің жолы – оларды тілінен айыру екенін жақсы білді, дейді.
Енді қараңыз, тілдік бірлігі бұзылған елде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Мысалы, өткен ғасырдың басында Перуде тілдік тұрғыдан – титулды халқы кечуалар мен испан тілінде сөйлейтін креолдар арасында қайшылық туды. Ақыры отарлаушыларға арқа сүйеген «жаңа перуандар» жеңді. Сөйтіп ежелгі халық кечуалардың тілі мен мәдениеті жойылды. Сөйтіп айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық перуандар (кечуалар) жер бетінен құрып кетті. Сол сияқты, Бразилия жерінде тілдік тартысқа түскен байырғы гишпандар мен жаңа португалдарды да жатқызуға болады. Ақыры португал тілді жаңа қауым жеңіп, байырғы халықтың гишпан тілі жойылды.
Қазақ тіліне қауіп төнуі ресейлік отарлаумен қатар басталды. Ресей Сенатының хатшысы И.Кириллов 1734 жылғы 1 мамырда императрица Аннаға жолдау хатында, Қазақияны «гишпандар мен португалдар» әдісімен жаулау жөнінде кеңес береді (“Русско-казахское отношения в ХVІ-ХVІІІ веках», 1961, 111-бет). Сөйтіп отарлаушылар тарапынан қазақты жоюдың ең тиімді тәсілі – тілімізге жойдасыз соққы жасалды. Орыс тілі – мәдениеттің биік үлгісі ретінде насихатталды. Жемісі де жаман болмады. Бізден де креолдар мен жаңа португалдар шықты. Бұлар қазірдің өзінде билік пен байлыққа ие үлкен әлеуметтік топ.
Бұл қауымға марқұм академик Рахманқұл Бердібай «Көзқамандар» деген ат беріп, айдар тағыпты. Ғалым ағамыздың сипаттауынша: «Көзқамандар ең алдымен, өз халқының тілін білмейтін, сондықтан да оны жат санайтын, пиғылда тәрбиеленген жандар. Оларға өз елінің асыл қасиеттерінің бірде-бірі дарымаған, туған халқының тағдырына дұшпанның көзімен қарап дағдыланған. Ана тілін білмегендіктен, халқының көңіліндегі мұңды, көкейкесті арманды сезбейді. Мәңгүрттік пен көзқамандық – бір-бірінен айырмасы үлкен. Мәңгүрт – кеудесінде жаны бар, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға қабілетті бар аянышты топ. Ал көзқамандар университет бітірген, білімді. Сөз жүзінде отаншыл болып көрініп, былай шыға бере халықтың түпкілікті мүддесін қара басының қамы үшін сатып жібереді. Ең жаманы – жұртының қадір тұтқан қымбаттарын, қажет болса тәуелсіздігімізді таптап кетеді» деп жазыпты.
Атам қазақта «өрт – тілсіз жау» дейтін тәмсіл бар. Өйткені ол дабыра-даңғазасыз, ойда жоқта жетіп келіп, қызыл жалынға іліккеннің бәрін әп-сәтте күлге айналдырады. Көзқаман да өрт сияқты, айтпайды, білдіртпейді, бір күні тіліңді, діліңді күлге айналдырады. Яғни бұл да ана өрт сияқты – тілсіз жау.
Автобус тасымалдарын дамыту мәселелері әр өңір үшін жеке-жеке шешіледі
Қазақстан • Бүгін, 23:00
Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды
Күрес • Бүгін, 22:30
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Ұқсас жаңалықтар