Саясат • 16 Қараша, 2020

Сайлау құқығы баршаға бірдей

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы және «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сайлау құқығы баршаға бірдей

Іс-шараны Орталық сайлау комиссиясы «Шырақ» мүге­дектігі бар әйелдер қауым­дас­ты­ғы­мен бірлесіп, Қазақстан Респуб­ликасындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тап­сырмалар жөніндегі елшісі, Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-министрі және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағ­дарламалар офисінің қатысуымен өткізді.

Іс-шараның мақсаты мүге­дек адамдардың саяси және қо­ғамдық қатысуы бөлігіндегі Мүге­дектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі қағидаттары, мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Ортсайлауком жүр­гізген жұмыс, мүгедек адам­дар­дың саяси қатысуы саласын­дағы ЕҚЫҰ стандарттары, Қа­зақстан Республикасы Парла­ментінің инклюзивтілігі және қол­жетімділігі бойынша базалық зерт­теу нәтижелері, сондай-ақ мем­лекеттің, ҮЕҰ және халық­аралық ұйымдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы көпшілік қауымды хабардар ету болып табылады. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өткізілді.

Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясы жа­нын­­дағы мүгедектердің сайлау құ­қықтарын қамтамасыз ету жө­ніндегі жұмыс тобы отыры­сының және дөңгелек үстелдің жұ­мы­сына Парламент депутаттары, орталық мемле­кеттік орган­дардың, қоғамдық және халық­аралық ұйымдар­дың, мүгедек­тердің қоғамдық бір­лес­тікте­рінің, талдау орталық­тарының өкілдері, аумақтық сайлау ко­мис­сияларының төра­ғалары мен облыстардың, респуб­ликалық маңызы бар қала­лардың және астананың жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдар­ламалар басқар­ма­ларының бас­шы­лары, бұқа­ралық ақпарат құ­рал­дары қатысты.

ОСК жанындағы мүгедек­тер­дің сайлау құқықтарын қамта­масыз ету жөніндегі жұмыс тобы отырысының және дөңгелек үстелдің жұмыс қорытындылары бойынша мүгедек адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуын қамтамасыз ету бойынша қарар қабылданды.