Әлем • 16 Қараша, 2020

ДДС Ассамблеясы Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған құжатты мақұлдады

308 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12 қарашада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы – ДДСҰ-ның жоғары басқарушы органы – 2018 жылғы МСАК жөніндегі Астана декларациясының ережелерін іске асыруға арналған «алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын» мақұлдады.

ДДС Ассамблеясы Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған құжатты мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жұмыс істеу механизмі» құжаты қабылданды, оны 194 мемлекет қолдады. Ол ДДСҰ-ның МСАК жөніндегі  Еуропалық бюросының штаб-пәтерінде қазақстандық тараптың қатысуымен бірлесе әзірленген. ДДСҰ атап өткендей, Қазақстан кезекті рет алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді оңтайландыру бағытында әлем елдері алдында көш бастады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің түпкі мақсаты – азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін нығайту. Қазір коронавирус пандемиясы әлемді шарпыған кезде бұл өте маңызды. ДДСҰ Қазақстанмен бірге осы мақсатқа жетудің бес тетігін анықтады. Ол:
- денсаулық сақтау саласындағы оқшаулау мен әлеуметтік теңсіздікті азайту (жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу реформалары);
- адамдардың қажеттіліктері мен күтулеріне бағдарланған денсаулық сақтау қызметтерін ұйымдастыру (қызметтерді жеткізу саласындағы реформалар);
- Денсаулық аспектілерін барлық секторларға біріктіру (қоғамдық саясат реформалары);
- ынтымақтастық модельдеріне сәйкес саяси диалог жүргізу (көшбасшылық қызметтегі реформалар);
- мүдделі тараптардың қатысуын кеңейту.

2018 жылдан бастап МСАК туралы Астана декларациясы әлем елдерінің осыдан қырық жыл бұрын қабылданған МСАК жөніндегі тарихи Алма-Ата декларациясының принциптерін басшылыққа алып келгенін тағы бір дәлелдеді. Сонымен бірге, елдердің қазіргі проблемаларды шешудегі бірлескен күш-жігерін үйлестіруде және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек операцияларының негіздері сияқты техникалық нұсқаулықтарды әзірлеуде ДДСҰ жаһандық саясатты жіті бақылап келеді.

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов өз баяндамасында ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерді ағымдағы жылдың қараша айының соңында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жедел механизмін іске асыруға арналған іс-шараға қатысуға шақырды. Шараға қатысу денсаулық сақтау жүйесін нығайту құралдарын енгізуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол мемлекеттер арасында МСАК бойынша күш-жігерді біріктіру және одан әрі нығайту үшін арнайы құрылған топқа қосылуға ұсыныс білдірді.

Елдердің 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарында айтылған «денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету, ешкімді назардан тыс қалдырмау» принципі коронавирус пандемиясы кезінде ерекше өзекті болып табылады.

Дәл осы МСАК денсаулық сақтау жүйесіндегі басты процесс болып табылады. Ол өзінің қолжетімділігі мен үздіксіз, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетумен, пациент пен медициналық қызметкер арасындағы алғашқы байланыс орындарында көрсетілуімен және барлық жастағы науқастардың қажеттілігіне бағытталуымен маңызды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының COVID-19 пандемиясына байланысты алғаш рет виртуалды форматта шақырылған 73-ші сессиясы 2020 жылдың 18-19 мамырында қысқартылған режимде өтті. Оның жұмысы 2010 жылдың 9 қарашасында басталып, 14 қарашада аяқталады.