Қоғам • 16 Қараша, 2020

Елорда маңындағы бірқатар елді мекен табиғи газға көшеді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылыту маусымында елордадағы бірқатар елді-мекен газға көшіріле бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда маңындағы бірқатар елді мекен табиғи газға көшеді

"Елордада 16 елді-мекен бар. Оларды орталықтандырылған дамытудан басқа, ауыз су, кәріз, жарықтандыру, жолдар салу және т.б. мәселелерді шешу қажет. Аудан тұрғындары жарықтандыру, нөсер және шаруашылық нәжіс кәріздерін жүргізу, интернет, газдандыру, жолдарды, тротуарларды асфальттау және т.б. сияқты инфрақұрылым мәселелерін көтерді", деп жазды А.Көлгінов.

Оның айтуынша, жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобус маршруттарының қосымша санын іске қосу бірінші кезекте жасалады.

"Тұрғындарда орталықтандырылған ауыз су берілмегенін ескере отырып, біз магистральды су құбырының құрылысын бастадық. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілерді үйлерге өткізуге кірісеміз. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдарды асфальттауға кіріспес бұрын, кәріз және газдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Биылғы жылыту маусымында бірқатар елді-мекендер газға көшіріле бастайды. Процесс бірнеше кезеңге бөлінген. Айтылған кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер жоспарға алынды.

Осындай кездесулерді барлық елді-мекендерде өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын қаланы дамыту жоспарына енгіземіз. Тұрғын үй алаптарын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында", деп жазды әкім.