12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық толеранттылық күніне орайластырылған "Толеранттылық – әлемдік өркениеттің негізі" тақырыбында жыл сайынғы халықаралық онлайн конференция өтті.

Конференцияны ұйымдастырушы: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі – Марат Әзілханов, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының» Басқарма Төрағасы – Алтай Әбибуллаев, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесінің директоры – Криста Пиккат, БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің бастығы – Властимил Самек, БАӘ Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы – Сұлтан Фейсал Ремейти, Иран Ислам Республикасы Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы Дінаралық диалог халықаралық орталығының Төрағасы – Мұхаммед Мехди Тасхири, Түркия Республикасы Дін істері жөніндегі департаменттің орынбасары - Селим Аргун, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының мүшесі, "Сомайя Видьявихар" Үндістан ұйымының өкілі - Рудракша Сакрикар, сондай-ақ АҚШ, БАӘ, Иордания, Өзбекстаннан халықаралық сарапшылар, дипломатиялық корпустың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ғылыми сарапшылар қоғамдастығының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
Конференция барысында еліміздегі және әлемдегі толеранттылық, этносаралық татулық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Конференцияға қатысушылар құттықтау сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Өркениеттер Альянсының Ұлттық үйлестірушісі – Марат Әзілханов Қазақстан конфессияаралық және өркениетаралық қатынастың белсенді жақтаушысы, әлемде толеранттылық идеяларын алға жылжытуға барлық жағынан ықпал ететіндігін атап өтті. Бұған 2003 жылдан бастап Қазақстанның астанасында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі көрнекті мысал бола алады.
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесінің директоры Криста Пиккат ханым өз сөзінде «толеранттылық – бұл шын мәнінде ақыл-ой, ұғыну ахуалы, бұл мәдени әртүрлілік, байлықтың бір түрі, бөліну факторы емес» деп атап өтті.
"Бүгінде Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, коронавирус пандемиясымен күресуде және оған жаһандық экономикалық орта теріс ықпал етуді. Сонымен қатар, төзімсіздік, экстремизмнің дамуы, радикализм мен зорлық-зомбылықтың бүкіл әлемге таралу көріністерінің шындықтары толеранттылық мәселелері бойынша адамзаттың өзара іс-қимылын күшейтуді талап етеді. Н.Назарбаев орталығы жаһандық әлемде дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету үшін өзара әрекеттесудің тиімді әдістеріне қол жеткізу және қолдану мақсатында БҰҰ-мен байланысты нығайтуда. БҰҰ Өркениеттер Альянсымен серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта Орталық құқықтық институттандыру және БҰҰ жүйесінде тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде", деді Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев.
Түркияның Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары доктор Селим Аргунның айтуынша, барлығымыз қоғамда толеранттылық мәдениетінің үстем болуына назар аударуымыз керек, біз өткен және қазіргі уақытта жинақталған оң тәжірибелерге жүгінуіміз керек деді.
Жалпы, іс-шараға қатысушылар халықаралық қоғамдастықта толеранттылық, бейбітшілік, рухани келісім, ынтымақтастық идеяларын ілгерілетуге бағытталған жаңа прогрессивті идеяларды ұсынды.
Еске сала кетсек, 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер Толеранттылық қағидалары декларациясын қабылдады, 1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 16 қарашаны Халықаралық толеранттылық күні ретінде атап өтуді ұсынды.
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар