Қазір ғалымдар жаңа зерттеме бойынша белсенді жұмыс жасауда. Сарапшылардың сөзінше, бүгінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда асфальтбетон жамылғысы басым. Аталған материал температура әсеріне сезімтал. Сондықтан да битумның немесе битум байланыстырғыштың температуралық тұрақтылығы асфальтбетонның төзімділігінде шешуші рөл ойнайды. Яғни оның төмен температурадағы жарылғыштығы және пластикалық деформацияға төзімділігі осыған байланысты.
Институт ғалымдары асфальтбетон жабындысының бұзылуын алдын алу үшін сұйылтылған және модификацияланған битумды қолдануға болатынын айтып ұсынуда. Басқаша айтқанда, жол құрылысында дәстүрлі түрде қолданылатын тұтқыр жол битумы шайырмен сұйытылып, полимерлермен модификацияланбақ.
Гранттық жоба аяқталып, апробациядан өткеннен кейін модификацияланған және сығымдалған битум Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуде қолданылатын болады.