Салалық ведомство мен QazTrade Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды іріктеу қорытындылары шығарылғанын мәлімдеді.
«Биыл қазан айында Export.gov.kz порталында іріктеуге қатысу үшін қазақстандық компаниялардан өтінімдер қабылданды. Іріктеуге қатысуға 100-ден астам электронды өтінім беріліп, өңделді. Құжаттар іріктеу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қаралды», делінген министрліктің ақпаратында.
Іріктеу нәтижелері бойынша бағалау кезеңінен өткен Alibaba платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын 50 қазақстандық ұйымның (тауар өндірушілер мен сауда компаниялары) тізімі жасалды. Бұған қоса резервтік ұйымдардың тізімі әзірленіп, оған 24 компания кірді.
Іріктеуден өткен ұйымдарға сервистік қолдау көрсетіліп, Alibaba.com халықаралық электронды сауда платформасында 12 айға Gold Supplier аккаунтары беріледі.