Спорт • 17 Қараша, 2020

«Астана» атауы өзгереді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Astana Pro Team вело­ко­мандасының атауы келесі жыл­дың 1 қаңтарынан бастап Astana-Premier Tech болып өзгереді. Бұл тура­лы «Са­мұрық-Қазына» АҚ баспасөз қыз­меті хабарлады.

«Астана» атауы өзгереді

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық нарықта 30 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі бар канадалық Premier Tech компаниясы Astana Pro Team кәсіби велоклубының жаңа иесі атанады. Осыған байланысты клуб өз атауын Astana-Premier Tech деп өзгертеді», делінген хабарламада.

Бұған дейін велокоманданың бас серіктесі атанып келген «Самұрық-Қазына» келесі жылдан бастап клубты қаржыландыруды 50 пайызға қысқартады. Десе де «Астана» UCI бекіткен әлемдік Гран-тур жарыстарына қатыса береді. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстау­дың орынсыз екенін атап өткен болатын.