«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қызмет көрсететін 1411 бірыңғай байланыс орталығына ең көп қойылған сауал – 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне байланысты болыпты. Бұл сұрақпен хабарласқандар саны 400 мыңнан асқан. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты 356 мыңнан астам тұрғын, әлеуметтік мекенжай көмегі туралы 50 мыңнан астам адам телефон шалған.
Ал Батыс Қазақстан облысында да «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының онлайн қызметтеріне тұрғындар жиі жүгінеді екен. Мәселен баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы тағайындау үшін – 9908 адам, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем жөнінде – 8225, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем хақында – 5598 батысқазақстандық байланыс орталығына хабарласқан.
Батыс Қазақстан