Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қараша күні таңғы сағат 9:10 шамасында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 жасар бала көз жұмды деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

Мәскеу көшесінде жас баланы көлікпен қағып кеткен – 1998 жылы туған әйел адам екен. 10 жасар ер бала ауыр халде Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ алған жарақаты салдарынан аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

«Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеп, тексеру басталды» деді Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

«Бала ауыр жараланған – ашық бас-ми жарақатымен ауруханаға жедел жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады» деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Зағидуллина.

 

Батыс Қазақстан