Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда иесіз қалған жерлердің мәселесі қалай шешіліп жатыр?

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл елордада 760 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды, бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Келесі жылы да аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда иесіз қалған жерлердің мәселесі қалай шешіліп жатыр?

«Аулаларды, скверлер мен бульварларды жобалауға тұрғындардың қатысуы аса маңызды. Өйткені, олар аулада не орнату керектігін, аумақты қандай аймақтарға бөлу керектігін жақсы біледі. Биыл 760 мың шаршы метр абаттандырылды, бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың оң жағына, сонымен бірге бұрын бос, иесіз жатқан не батпақты жерлерге баса назар аударылды. Осылайша қала картасында жаңа тартылыс нүктелері пайда болды. Келесі жылы да аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырамыз.

Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары аулаларын абаттандыруға қатысты идеяларын ұсынды. Көктемге дейін тұрғындардың пікірін ескере отырып, жоба дайындап, көктемде абаттандыруға кірісеміз.

Қыркүйек айында аталған үйде "Нұрлы жер 2020-2025" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы бойынша лифтілер ауыстырылды. Бір кіреберісте тұрғын үй кешені пайдалануға берілген сәттен бастап, яғни 2009 жылдан бері лифтілер жұмыс істемеді, ал басқалары авариялық жағдайда болды. Адамдар бірнеше рет лифттерде қолып қойып, көмек шақыруға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде 100-ден астам лифтіні жаңартуды жоспарлап отырмыз, олардың жартысы жаңартылды.

Аулаларды жобалауға тұрғындардың өздерін тартуға бізге Сарыарқа ауданында пилоттық режимде іске қосылған "бюджетке қатысу" бағдарламасы да көмектесті. Бұл жоба қаланың басқа аудандарында да қолданылып келеді. Осы бағдарлама бойынша тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім бере алады», – деп жазды Алтай Көлгінов.