Қоғам • 17 Қараша, 2020

Алматы облысында әйел баласын тасжолда босанған

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында әйел баласын тасжолда босанған

Кеше Алматы облысының "Күрті" трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14:40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.

"Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. "Күрті" дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медиктердің сөзінше қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", делінген хабарламада.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнбеген.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше