Әлем • 17 Қараша, 2020

Әлемде індет жұқтырғандар саны 55 миллионға жетті

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде індет жұқтырғандар саны 55 миллионға жетті

Университеттің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырған адам саны 55 033 418-ге жетті, 1 327 500 қайтыс болып, 35,3 миллионнан астам адам сауығып кетті.

Бірақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистика келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясының саны 54 301 156-ға жетіп, 1 316 994 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 528 905 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді.

Ал, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 121 653 жетті. 110 382 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Қайтыс болған адам саны 1899-ға жетті.