Елорда • 17 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 36 мың текше метр қар шығарылды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарашаның 16-сынан 17-сіне қараған түні қала жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалау үшін 770-тен астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 36 мың текше метр қар шығарылды

Өткен тәулікте 36 мың текше метр қар шығарылды. 17 қарашада елорданы тазалауға мыңнан астам арнайы техника және екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтан қаласында қар тазалау жұмыстары кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымды режимде жүргізіледі. Сондай-ақ қар тазалау бағыттары да анықталады.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін, қозғалыс өте көп жерлер тазартылады. Одан әрі орташа қозғалыс учаскелері – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады.

Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі. Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көпірлер, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді. Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін қар жауа берсе, қажетті жұмыстар қайталана береді.

Бұған дейін хабарланғандай, қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылды. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылауға арналған фото-және бейнекамералар орнатылған.