Праймериз қорытындысы бойынша аудан, қалалардан ең жоғары дауыс алған 15 және облыс орталығы саналатын Түркістан қаласынан 7 үміткер, сонымен бірге Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан, жалпы 23 азамат шешуші дебатқа қатысты. Олар өңірдің өзекті мәселелерін қозғап, шешу жолдарын ұсынды. Конференцияға қатысқан делегаттар арнайы кабиналарда «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта дауыс берді. Нәтижесінде Қайнар Абасов («Хлопко-пром-Целлюлоза» ЖШС-нің бас директоры – 127 дауыс), Құдайберген Ержан (Мәжіліс депутаты – 120 дауыс), Сырым Ертаев («Қайып ата» ЖШС-нің директоры – 118 дауыс), Мөлдір Бақытжанова (Құрманғазы Қазақ ұлттық консерваториясының опера әншісі – 115 дауыс), Гүлжан Құрманбекова (облыс әкімінің кеңесшісі – 110 дауыс) Хайрулла Қожабаев («Казтрансформатор» ЖШС-нің директоры – 107 дауыс) және Ұлжанат Жұрымбетова (Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасының бас дәрігері – 100 дауыс) делегаттардың сеніміне ие болып, үздік атанды.
Облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жеңімпаздарға сәттілік тіледі. Көп дауыс жинаған кандидаттар Мәжілістің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылады.
Түркістан облысы