Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университетінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай осы университеттің «Жастүлек» шығармашыл жастар клубы мүшелерінің «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсаукесер өтті. Аталған шараға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин мен университет ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысты. Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университетінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай осы университеттің «Жастүлек» шығармашыл жастар клубы мүшелерінің «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсаукесер өтті.
Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университетінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай осы университеттің «Жастүлек» шығармашыл жастар клубы мүшелерінің «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсаукесер өтті. Аталған шараға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин мен университет ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысты.
«Алдағы келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесінің жаңа өмірге қадам басқан жас мемлекетіміз үшін орны ерекше, тарихи маңызы зор. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің тізгінін тарихтың алмағайып, сынақты кезеңінде қолына алды. Тағдыр оған тәуелсіз мемлекетті құрып, еркін елдің көшін бастауды бұйыртты. Ол болса, мүмкін еместі жасады. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған басымдықтар дамыған 30 елдің қатарына бағыт сілтейтін бағдаршам болуы тиіс деп ойлаймын», деді А.Күрішбаев өзінің кіріспе сөзінде.
Шарада студенттер алдында сөз алған сенатор Н.Оразалин айтулы мерекеге орай өткенге шегініс жасап, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалам ұстаған қауыммен Елбасымен шетелдерге бірге сапар шеккенде оның кемеңгерлігінің сан мәрте куәсі болғанын айтты. Сондай-ақ, ол тұсаукесерде тебірене өлең оқыған бір топ жасқа шексіз ризашылығын білдірді. Елдің біртұтастығы оның ана тіліне деген құрметінен басталатындығын да ақын назардан тыс қалдырмады. Студент кездегі жиған білімің, өмір бойғы азықтарың деп жастарға сапалы білім алудың маңызы ерекше екеніне тоқталды.
Жалпы саны 35 жас студент ақын-жазушылар мен бейнелеу өнері шеберлерінің төл туындылары топтастырылған бұл жинақ мың данамен оқырмандарына жол тартып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі сұранысқа сәйкес кітаптың электронды нұсқасы да жасалыпты.
Шара барысында сәулет өнері факультеті студенттері қылқалам шеберлерінің «Отаным саған арналады» атты сурет көрмесі де жұртшылық назарына ұсынылды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».