Қоғам • 18 Қараша, 2020

«Чен-Рю» ансамблі жаңа белеске шықты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық корейлер этномәдени бірлестігіндегі «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблдің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.

«Чен-Рю» ансамблі жаңа белеске шықты

Мерекелік құттықтауды Корея Республикасының Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы Төтенше және Өкі­­летті елшісі Ку Хон Сок және елордалық ҚХА хатшылы­ғы­­ның өкілдері арнады. Олар биыл өзінің 20 жылдығын атап өткен ұжым мүшелерін құттықтап, одан әрі өркендеу мен жаңа биіктерге жетуді тіледі.

Іс-шара барысында Қа­зақ­­стандағы ко­рейлер қауым­дас­тығының 30 жылдығына орай ансамбль мүшелері Тамара Шегай, Наталья Легай, Людмила Тян, Алла Когай және Ербулат Калиев мерекелік төсбелгілермен марапатталса, ұжымының өзге мүшелерне арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Қатысушыларға концерттік бағ­дарламадан бөлек, корей хал­қының ұлттық тағамы «Кимчи» әзірлеуден шеберлік сағаты өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы корейлердің этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблі 2000 жылдың қараша айында құрылды. Ансамбль репертуарында қазақ, корей және орыс тілдерінде 40-тан астам ән бар. Қазір хорда 20 қатысушы бар, 17 жылдан бері Ляззат Хамзина хорды басқарып келеді. Л.Хамзинаның жетекшілігімен ұжым қалалық, сондай-ақ республикалық іс-ша­раларға, конкурстар мен фести­валь­дарға белсенді қатысады. Оған көптеген марапаттар мен алғыс хаттар жиыны дәлел бола алады. Хор ұжымы бірнеше рет түрлі елдерге концерттермен де барған болатын.