Саясат • 18 Қараша, 2020

Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың интегра­цияланған ақпараттық жүйесіне (ИАЖ, ЕАЭО) кешенді техникалық сараптама жүргізу жөніндегі орындаушыны айқындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.

Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі

Интеграцияланған ақпа­рат­тық жүйе (ИАЖ) – мемле­кет­аралық деректер мен электрон­ды құжаттар алмасуды қамта­масыз етуге арналған және ЕАЭО аясындағы ауқымды жо­ба. Бұл жұмысқа қатысу IT ком­панияларға халықаралық нарық­қа шығуға, өз әлеуетін ашуға және беделін арттыруға мүм­кіндік береді.

Биыл 19 мамырда Мемлекет басшыларының отырысы аясында Президент Қ.Тоқаев ИАЖ-ды іс­ке қосу бойынша жұмыстарды жан­дандыру қажеттігін айтқан еді. Осы мақсатта ЕЭК Кеңесі ке­шен­ді техникалық сараптама жүр­гізу туралы шешім қабыл­дады.

Кешенді техникалық сарап­тама шеңберінде орындаушы жүйелі-техникалық инфрақұ­ры­лымды, жобалық басқару бөлі­гінде ИАЖ-дың ауқымды ауди­тін, сондай-ақ құқықтық акті­лерге талдау жүргізуі тиіс. Кешенді техникалық сарап­тама аталған жүйенің әлсіз жер­­лерін анықтауға, қол нәти­желерді талдауға және ақпарат­тық өзара іс-қимылды қамта­ма­сыз ету бойынша жаңа тәсіл­дер­ді қалыптастыруға жол аша­ды. Ке­шенді техникалық сарап­та­­ма­ның нәтижелерін ЕЭК Ке­­ңесі келесі жылдың 1-тоқсаны­ның соңында қарайды деп жоспарлануда.