28 Қараша, 2013

Арнаулы өкілмен әңгіме

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесті.

Жүздесушілер Қазақстан мен БҰҰ-ның аймақтық ынтымақтастығы, сондай-ақ, алдағы уақытта халықаралық коалиция қарулы күштерінің Ауғанстаннан шығарылуына байланысты осы елге жәрдем берудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар