Ескерткіштің ашылу рәсіміне Семей ядролық сынақ полигоны аймағында әскери қызметін өтеген ақтөбелік ардагерлер, қала тұрғындары, жергілікті билік өкілдері қатысты.
Алдағы уақытта бұл жер Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен актөбелік ардагерлердің бас қосатын, салтанатты шаралар өткізетін, өмірден озған ардагерлерді еске алатын орынға айналмақшы.
1949-1991 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 11 мыңнан астам ақтөбелік әскери міндеттерін атқарған. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметі бойынша, бүгінде өңірде Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 1800-ден астам адам тұрады, олардың 268-і мүгедек, 40-ы ядролық сынақтарға қатысушылардың жесірлері.
Қазіргі уақытта осы азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыстары біртіндеп іске асырыла бастады. Мәселен, медициналық жабдықтармен қамту, емдік-сауықтыру орындарына жолдамалар, коммуналдық шығындарды төлеужеңілдіктері беріліп, арнайы әлеуметтік және инватакси қызметтері ұсынылады.
Жыл сайын 9 мамыр –Жеңіс күні қарсаңында Семей ядролық сынақ полигонында қызмет еткендерге 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық қаржылай көмек беріледі. Жергілікті атқарушылық билік тарапынан полигон ардагерлерін мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру жолдары шешіліп, кәсіпкерлікпен айналысуға қолдау көрсетіледі.