Қоғам • 18 Қараша, 2020

Бірқатар жолаушылар пойызы жұмысын қайта бастады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №51/52 "Алматы-2 – Орал" бағытындағы пойыз алдағы 2 желтоқсаннан бастап қайта жолға шығатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бірқатар жолаушылар пойызы жұмысын қайта бастады

Акционерлік қоғамның мәліметінше, пойыз Алматы-2 стансасынан жұп күндері жөнелтіліп, Орал стансасына 2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап келеді.

"Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауды сұрайды", делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.