Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Ақтөбе облысынан Мәжіліске 4 үміткер анықталды

769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында Ақтөбе облысынан Мәжіліс депутаттығына 4 үміткер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысынан Мәжіліске 4 үміткер анықталды

Праймериз қорытындысы бойынша конференцияның 109 делегаты 15 үміткерге көбірек дауыс берді.

Ең көп дауысты облыстағы грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Рахат Сыдыковжинады. Одан кейінгі орында мемлекеттік қызметші  Аманғали Бердалин тұр.  Қалған екі орынды дәрігер, «DARU Medical Group» ЖШС  директоры  Ғалымжан Елеуов пен «Jas Otan» облыстық жастар қанатының жетекшісі  Асылжан Бүркіталин иеленді. Конференцияда  облыстық   мәслихат  депутаттығына  үміткерлердің  50 адамнан тұратын партиялық тізімі де мақұлданды.  Бұл тізімде әйелдердің үлесі 9-дан 30 пайызға ұлғайған, 35 жасқа дейінгі жастардың  үлесі 20 пайызға өскен. Партиялық тізім бойынша ұсынылған депутаттыққа үмтікерлер арасында   шағын және орта бизнес өкілдері – 41%, білім саласының өкілдері  – 13%, квазимемлекеттік сектордағылар – 8%-ды құрайды. Конференцияда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өтетін ХХ съезіне делегаттар сайланды.

Айта кету керек, праймериздің алғашқы кезеңіне  460 үміткер қатысса, олардың 36,7% -ы әйелдер, 28% -ы жастар.Праймеризге қатысқандардың 49,6% – өз-өздерін ұсынған азаматтар.