Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Қызылордада қарақұйрық атқандар ұсталды

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мен "Охотзоопром" ӨБ жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері аудан аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқандарды ұстап, браконьерлерден тіркеуде жоқ мылтық алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олар осы аудан мен көршілес Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілер мінген көліктен 18 дана оқ пен екіқарақұйрық шыққан. Заңсыз аң аулағандар Жаңақорған АПБ-ң уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 4 бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы