Қоғам • 19 Қараша, 2020

Тоғыз жолдың торабы

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының 5 облысымен шектесетін, Еуроодақ елдеріне ең жақын орналасқан Батыс Қазақстан облысының транзиттік әлеуеті жоғары.

Тоғыз жолдың торабы

Осы орайда, өңірдің көліктік-логис­тикалық әлеуетін дамыту – Мемлекет басшысының облыс әкіміне берген бас­ты тапсырмасының бірі. Бұл бағытта өткен жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 368 шақырым жол жөнделсе, биыл 436,5 шақырым жолды қалпына келтіруге 36,2 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Ресейдің ең ірі орталықтарының бірі – Самара қаласымен байланыстыратын «Самара-Шымкент» автожолына, Сара­тов облысына шығатын «Чапаев-Жал­пақтал-Қазталов-Ресей Федерациясы ше­ка­расы» жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысын Ресейдің Волгоград, Астрахань облыстарымен байланыстыратын республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолдарын салу жұмыстары да жалғасуда.

«Ресейдің Орынбор облысы бағы­тын­дағы «Подстепное-Федоровка-Ресей Феде­рациясы шекарасы» жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды» дейді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Жайық өзенін жайлаған қос облыс тұрғындары Атырау-Орал тасжолының жағдайы туралы соңғы уақытта жиі мәселе көтеріп жүр. Өйткені екі жолақты жол қоз­ғалысы жеңіл және жүк көліктерінің діттеген жеріне тез әрі аман-есен жетуіне тарлық етеді. Сол себепті аталған бағыт­тағы жолдың енін кеңейту туралы ұсыныс көптен айтылатын. Міне, жақында аталған тас жолды реконструкциядан өткізуге, яғни жол жиегін ұзарту үшін жобалық-сме­талық құжаттама жасауға қаражат бө­лінген.

Осы айтылған жұмыстар облыстың тран­зит­тік әлеуетін дамытып, өңір эконо­микасының кіріс көздерін арттыратын болады.

 

Батыс Қазақстан облысы