Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің жолы кесілді

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің жолы кесілді

2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша  РФ ФҚҚ ШҚ бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 бұзушы, соның ішінде 20 шекаралық режімді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады.

2,66 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

5 жүзбелі құрал, 9 қозғалтқыш, 281 астам шақырым браконьерлік ұстау құралдары, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың келі) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың келі) дана әр түрлі тұқымдас балықтар, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді.

Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша   әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды.