Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қаладағы колледждердің бірінің бірінші курс студенті Екібастұзда сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты.

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп атап өтті өңірлік полиция департаментінде. - ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде таратылмайды.

ҚР ҚК 105 – бабы – "Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге оқталу". Кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Қаза тапқан 16 жасар қыз Екібастұз қаласының академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында білім алған. Ол тоғыз сыныптан кейін "станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары" мамандығының күндізгі бөліміне түсті, деп хабарлады колледж.