Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған, деп хабарлайды Egemen.kz

Пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты

Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жуырда Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын  жосалылық жігіт жасанды тас шығаратын кәсіп ашты. Ал жұбайы мал шаруашылығымен айналысып, отбасылық кәсіпті дамытып отыр.

Сотталған азамат биыл "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша "Бастау Бизнес" жобасы аясында  оқу курсын аяқтаған болатын. Курсты аяқтаған соң  бизнес жоспарын құрып, комиссияға ұсынды. Комиссияның оң шешімін алғаннан кейін оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант негізінде 555 666 теңге көлемінде сертифакат табысталды. Осы қаржыға жасанды тас шығаруға қажетті заттарды алып,  кәсібін бастап та кетті.  

– Бірде әлеуметтік желілерді шолып отырғанымда осы кәсіп жайлы білдім. Бұл мені бірден қызықтырды. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантқа қажетті заттарды алдым. Жасанды тас гипстен жасалады, гипсты қатайту үшін пластификатор қолданылады. Тасты әр түске бояуға болады. Бұл өнімге сұраныс өте көп. Аудандағы жасанды тас шығаратын жалғыз кәсіпкер мен болғандықтан, жуырда облыста өтетін көрмеге қатысқалы отырмын, – деді есептегі азамат.

Жыл басынан пробация есебіндегі 4 сотталған "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтап, екеуі мал шаруашылығын, тағы екеуі тауық өсіру және жасанды тас жасау жеке кәсібін ашты.

– Есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында отбасылық жағдайын да зерделейміз. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі, – дейді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Ж.Жүнісов