Туризм • 19 Қараша, 2020

Алматы туристерге есігін қайта ашты

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирустық пандемияға қарамастан, шетелдік туристер Алматыға баруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz 

Алматы туристерге есігін қайта ашты

М.Айнабеков түсіндіріп өткендей, соңғы 5 жылда (2015−2019) Алматы қаласында шетелдік туристер санының 1,4 есеге 301 мыңнан 435,6 мыңға дейін, ал ішкі туристер санының 2,1 есеге, яғни 420 мыңнан 898-ге дейін артуы байқалады. Бұл ретте туристердің жалпы саны 85%-ға өсті.

"2020 жылы коронавирустық пандемия мен қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты туризм индустриясы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болып шықты. Туристердің жалпы саны 40% -ға төмендеді, оның ішінде шетелдік туристер саны 63%-ға азайды",  деді ол.

Соңғы 5 жылда (2015−2019) Алматы қаласында шетелдік туристер санының 1,4 есеге 301 мыңнан 435,6 мыңға дейін, ал ішкі туристер санының 2,1 есеге 420 мыңнан 898-ге дейін артуы байқалады Бұл ретте туристердің жалпы саны 85% -ға өсті. 2020 жылы коронавирустық пандемия мен қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты туризм индустриясы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болып шықты.

– Туристердің жалпы саны 40% -ға төмендеді, оның ішінде шетелдік туристер саны 63%-ға азайды, – деді М.  Айнабеков.

Басқарманың мәліметінше, 2019 жылы Қазақстан тұрғындарының ішінен тұруға қызмет көрсетілген келушілер саны 898 531 адамды, ал резидент еместер қатарынан - 435 699 адамды құрады.

Марат Айнабеков шетелдік туристер көбінесе қалаға іскери іс-шараларға қатысу үшін келетіндігін, басқа да себептермен қатар шетелдіктер үшін Алматыға келу – жеке сапар немесе түрлі іс-шараларға қатысу екенін атап өтті. Шетелдік туристер арасында экскурсиялық, таулы және туризм түрлеріне ерекше сұраныс бар.

Жылдан жылға шетелдік туристердің ең үлкен ағыны Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Германия, Тәжікстаннан байқалады.

Марат Айнабеков шетелдік туристер көбінесе қалаға іскери іс-шараларға қатысу үшін келетіндігін, басқа да себептермен қатар шетелдіктер үшін Алматыға келу - жеке сапар немесе түрлі іс-шараларға қатысу екенін атап өтті. Шетелдік туристер арасында экскурсиялық, таулы және туризм түрлеріне ерекше сұраныс бар.

Жылдан жылға шетелдік туристердің ең үлкен ағыны Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Германия, Тәжікстаннан байқалады.