Оқиға • 20 Қараша, 2020

Халықаралық онлайн оқу конгресі

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кі­тап­хананың ұйым­дас­ты­руымен «Сандық және жаһандық өзгерістер дә­уіріндегі оқырман ұлт» тақырыбында Халық­ара­лық онлайн оқу Кон­гресі өтті.

Халықаралық онлайн оқу конгресі

Кітапхана саласының барлық маманына, ғалымдар мен қо­ғам қайраткерлеріне ұлттық құн­­дылықтарды, рухани-адам­гершілік һәм мәдени аспек­тілерді оқу, сақтау, қолдау мәсе­лелері, вирус пандемиясынан кейінгі жаһандық қайта құрулар кезеңіндегі кітапханалар жұ­мысының бағыттары бойын­ша пікірталас кездесуіне қаты­суға мүмкіндік беру үшін ақпа­раттық және ғылыми-мәдени онлайн алаң құруды мақсат тұт­қан Халықаралық оқу Конгресі Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.

Жиынға Қазақстан Респуб­ликасының Даниядағы Құрметті Консулы Leif Midtgaard Pedersen қатысты. Консул өз сөзін­де қа­­зіргі қоғамдағы кітапха­на­лар­дың кітап оқуды насихаттау ісіндегі үлкен рөлін атап өтіп: «Кітапхана саласының мамандары үшін онлайн-ақ­параттық платформа құру жөніндегі осы бастаманы алға басқан игі қадам деп санаймын. Тарихтан сабақ алуға мүмкіндік беретін ұлттық құндылықтар мен мәдени аспектілер осы процестің негізі болуға тиіс. Осы онлайн платформа келешек ұрпақтың игілігі үшін жасалатын жоба болады», деді.

Қазіргі уақытта кітапхана жұ­мысын виртуалды оқырманға да қолжетімді қылу – кітапхана аудиториясының әлемдік стан­дартқа сай болуының алғы­шарты іспеттес.

Қазақстандағы халық­ара­лық оқу Конгресіне ал­ғаш рет қа­тысқан халық­ара­лық кітап­ханалық қауым­дастықтар мен мекемелер Фе­дерациясының (ИФЛА) пре­зиденті Кристин Маккензи пандемияға байланыс­ты ақ­параттық қоғамдастықтағы жаңа өзгерістер кезеңіндегі ИФЛА жұмысы туралы һәм са­­уат­тылық пен оқуды әлем­дік ауқымда ілгерілетудің маңыз­ды­­лығы жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ аталған ша­раға Ресей, Қытай Халық Респуб­ликасы, Мажарстан, Түркия, Лат­вия, Дания, Біріккен Араб Әмір­ліктерінің ұлттық және басқа да кітапханаларының мамандары қатысты.