Пікір • 20 Қараша, 2020

Жолдау жетістіктерге жетелейді

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауымен таныстыру мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Президент Жолдауы - жастардың жарқын келешегі» атты ой-пікір сағаты өткен болатын. Өткізілген шараның негізгі мақсаты: жастарды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқырмандардың бойындағы ұлтжандылық қасиетін көтеру, қоғамдық іс-шараларға тарту.

Жолдау жетістіктерге жетелейді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту мақ­сатында мемлекет алдында тұрған асқаралы міндеттер туралы мәселе қозғаған болатын. Жолдауда «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын. Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институттық реформа мен Ұлт жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек. Ел­ба­­сы­­мыздың бастамасымен құ­рылған Жаңғырту жөніндегі Ұлт­тық комис­­сияның жұмысын қайта жан­дан­дыру қажет», деді ел Пре­зиденті.

Мемлекет басшысының халық­қа арналған кезекті Жолдауының өзін­дік ерекшеліктері өте көп болды. Жолдауда мәдениет қызмет­кер­лерін қолдау туралы мәселе кө­теріліп, келесі жылдан бас­тап  мәдениет қызметкер­лері еңбекақысының көтерілуі,  жеңіл­дігі бар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алатындығына біз сияқты жас кітапханашы мамандарды  қуантты. Мемлекет басшысы еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына да ерекше тоқталып өтті. Соның ішінде зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алу, білім алу үшін пайдалануға бола­тын­дығы оқырмандарымызға ерекше ұнады. Президенттің Жолдауында әлеуметтік-эконо­ми­калық жағ­дай­ларға жан-жақты талдау жаса­лынып, бұл жұмыстарды ары қарай дамытып, оңалдыру  үшін  нақты міндеттер қойылды. Президент тек аудитория ішінде ғана емес, Жолдауды тыңдап отырған барлық жұртшылықпен диалог орнатқан болатын. Қазақстандықтарды толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауаптар беріліп, соның ішінде шетелдіктерге жер сатылмайтындығын нақты айтқан болатын.

Осылайша, Президент Жол­­дауы­ның негізгі бағыт-бағдар­­ларын айқындап берген еді. Сөз соңында Мемлекет басшы­сы «Бағытымыз – айқын, жолы­мыз – ашық» дей келе, бар­лық қазақ­стандықтарға зор жетіс­тік, аман­дық, табыс тіледі. Прези­ден­ті­міздің  Жолдауын тыңдап қана қоймай, оқырмандар өз үлес­­терін қосатындығын айтып, қуа­ныш­тарын  жасыра алмады. Соны­­мен қатар  биылғы жыл ұс­таз­дар үшін сәтті басталды. Себебі мұғалімдерге қатысты екі бірдей құжатқа қол қойылып, мұға­лімдер мәртебесінің көтері­луіне жол ашылды. 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 па­йызға артатын болады. Кітап­ха­на­мыздың тікелей эфирінде қыз­мет­шілеріміз Жолдауды кеңінен талдады. Білім, спорт, мәде­ниет, эко­но­мика, ақпарат, денсау­лық сала­сындағы өзгерістер мен толық­тыруларды халыққа жеткізді.

 

Гүлнар МӘЛІК,

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер  кітапханасының қызметкері

 

Ақтөбе