Пікір • 20 Қараша, 2020

Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Baqylau жобасы тәуелсіз байқаушыларды оқытумен айналысады. Бұл – азаматтық бастама десек те болады. Бізде дайындықтан өткен азаматтарға бірнеше жыл бойы сайлауда байқауды ұйымдастырып келе жатқан сенімді үкіметтік емес ұйымдар арқылы алдағы сайлауда байқаушы болуды ұсына аламыз.

Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз

Оқу процесін екі кезеңге бөлдік. Бірінші белсенді кезең­де қазан айында 10 қалаға барып, тәуелсіз байқаушы бола­мын деген азаматтарды даяр­ладық. Батыстағы төрт облыс, орталықтан Қарағанды мен Нұр-Сұлтан, оңтүстікте Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларының тұрғындарына дәріс оқыдық. Барлығы шамамен 150-ден астам адам жобаға қатысты, әр қаладан орта есеппен 14-15 адамнан болды. Енді осы аптадан бастап еліміздің басқа өңірлерінен де өтініш берген адамдарды онлайн оқыта бас­таймыз. Осылайша елімізде сайлауды бақылаймын деген азаматтарға тәуелсіз бай­қаушы деген кім, қандай болуы керек екенін түсіндіруге тыры­самыз. Тренинг бары­сында «Сайлау туралы» Конс­­­титуциялық заңды негізге аламыз. Құжатта «тәуел­сіз байқаушы кім?» деген сұрақ­тан бастап, мін­дет­тері мен құ­қықтары, заң ая­сын­дағы әрекеттері де анық көрсе­тілген. Бір күндік се­минар-тренингті осы мәлі­мет­терге сүйене отырып өткі­земіз. Одан бө­лек өзіміздің не өзге де байқау­шылар­дың бірнеше жылдық тәжіри­бе­сінен мысалдар кел­тіре отырып, алдағы жауапты қыз­метіне даярлаймыз. Олардың қатарында өзіңді қалай ұстау керек, сайлау про­цесіне қалай кедергі болмау керек, басты міндетің қандай, түрлі жағ­дайда қандай әрекет жасауға болады деген секілді нақты ақыл-кеңестерімізді айтамыз.

Жобаның басты ерек­шелігі – қазақ тілді ауди­торияға не­гіз­делгенінде. Осы секілді тәуел­сіз байқау­шыларды даяр­лайтын өзге ұйымдар көбіне орыс тілінде өтеді. Осылайша қазақ тілінде сөйлейтін аудитория бұл тақырыптан шет қалды. Сай­лауда тәуелсіз байқау­шы болғысы келетін қазақ тілді аудиторияға да сапа­лы да­­йындық керек болды. Жобаға қосылуымның бас­ты се­­бебі бірнеше жыл­дық бай­қау­шы ретінде тәжі­ри­бем­нің болуы еді. Біз тре­нинг өткіз­­ген өңірлердің бар­лы­ғын­да дерлік қазақ тілін­де сөй­лейтін адамдар саны басым. Біз оқытуға тәуел­сіз, ешқан­­дай партияның мүше­лі­гінде жоқ азаматтарды таң­даймыз. Өйткені тәуелсіз байқаушылар жұмысының бас­ты принципі – бейтарап болу. Жобаның басты мақсаты – сайлау процесінің ашық, әділ, заң аясында өтуіне күш саламыз деген аза­мат­тарды даяр­лау. Бір айта кететіні, биыл­ғы сайлаумен шек­теліп қал­май, алдағы уақытта да байқаушыларды оқыту ар­қылы тәуелсіз байқау­шылар институтын дамытуға үлес қосуды көздейміз.

 

Ғалымжан ОРАЗЫМБЕТ,

Baqylau жобасының тренері, үйлестірушісі