Саясат • 20 Қараша, 2020

Түркі Кеңесі аясындағы қанатқақты жоба

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өзбекстанда Түркі Кеңесі ынтымақтастығы шеңберінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында екі елдің кеден органдары мен Халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығының (ХТҚ) серіктестігімен «eTIR» қанатқақты жобасын іске қосылу салтанаты өтті.

Түркі Кеңесі аясындағы қанатқақты жоба

Іс-шараға Түркі Кеңесінің кеден органдарының,  көлік министрліктерінің, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстанның халықаралық тасымалдаушылары қа­уым­дастығының және ХТҚ-нің  өкілдері қатысты.

«eTIR» жүк тасымалдау жүйе­сін цифр­ландыруға бағытталған және жүктерді шекарада кедендік бақылау рәсімдерін өтпей, тасы­малдауға мүмкіндік береді.

Түркі Кеңесі бас хатшысының орын­ба­сары Мирвохид Азимов рәсімде сөз сөй­леу барысында «eTIR»-дің кеден орган­­дарының да, жүк тасымалдау­шы­лар­дың да жұ­мысын айтарлықтай оңтай­­лан­­­дыруға, пайдалану шығын­дарын қыс­қартуға, тасымалдау­ды жеделде­туге және нақты уа­қыт режімінде жұмыс жасай­тын сенімді халықаралық дерек­тер қорының ар­­қасында оны одан әрі қауіпсіз етуге мүм­кін­дік беретін халықаралық жүк та­сы­­мал­дарындағы маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшының орынбасары М.Ази­мов 2020 жылғы 10 сәуір­де өткен Түркі Кеңесінің кезек­тен тыс саммитінде мүше мемле­кет­тердің басшылары пан­д­е­мия кезінде азық-түлік қауіпсіз­дігін және негізгі тауарлардың кедергісіз қозға­лысын қамтамасыз ету мақсатында көліктік ынтымақтастықты кеңей­ту жөніндегі басым міндеттерді айқын­дағанын және тараптар арасындағы бай­ланыссыз сыртқы сауда жүйелерін дамытудың маңыз­дылығын атап өтті.

Осы орайда Өзбекстан мен Қазақстан арасында «eTIR» қанатқақты жобасын іске қосуды табысты ынтымақтастықтың және мемлекет басшылары қойған бас­ты міндеттерді тәжірибеде жүзеге асы­ру­дың айқын мысалы ретінде қарастырған жөн.

Осыған қоса «eTIR» қанат­қақты жобасына қатысушылар шеңберін ұйым­ның басқа мүше мемлекеттерін және бақылаушы мемлекеттерін тарту арқылы кеңейту қажеттігі айтылды.  

Қатысушылар сондай-ақ осындай бас­тамалардың маңыз­дылығын атап өтті және Түркі Кеңесі шеңберінде тиім­ді әрі тұрақты көлік тетіктерін құру жолын­да кездесетін кедергілерді жою­ға бағыт­талған елеулі жобалар мен бағ­дарла­маларды іске асыруда ынты­мақ­тастыққа дайын екендерін білдірді.