Спорт • 20 Қараша, 2020

Хабиб Нурмагамедов енді ауыл шаруашылығымен айналысады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы UFC абсолют чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жылы жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Хабиб Нурмагамедов енді ауыл шаруашылығымен айналысады

Нурмагомедов 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. Ресейлік файтер ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліс таппады.

Спортшы бейсенбідегі Дербент жастарымен кездесуінде: "Мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқып жатырмын, келесі жылы бітіремін. Магистратураны бітіріп, білімге уақыт бөлгім келеді. Ауыл шаруашылығында жұмыс істегім келеді, қой, өгіз-бұзаулар алдым. Осы бағытта жұмыс істеймін. Әлемдік деңгейде емес. Бірақ бәрі мүмкін. Спортпен де кезінде тек жаттыға бастадым ғой", дейді ол.