28 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №942

340 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 9 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі

«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы №1359 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №36-37, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанында:
2-бөлімнің 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлттық стандарттарда, техникалық регламенттерде, техникалық шарттарда және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген сақтау шарттарын орындауға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Иеленушінің талабы бойынша Иеленушінің астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтінімін тіркеген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтінімде көрсетілген астықтың көлемін босатуды (тиеп жіберуді) бастауға және оны «Астық туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жіберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жөндеу жүргізуді тоқтатуға дейін кемінде 45 күн бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс жөндеу жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жіберудің) мүмкін еместігі туралы Иеленушіні хабардар етуге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына сәйкес астықты осы шартқа 1-қосымшада белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдықтарын қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.»;
4-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1569 қаулысымен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында айқындалған сақтау мерзімдерінен аспайтын, Иеленушінің талап етуімен белгіленген мерзімге жасалды және өзінің қолданысын Тараптар өздерінің міндеттемелерін толық орындаған жағдайда тоқтатады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15