Қазақстан • 20 Қараша, 2020

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-23 қараша аралығында Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республикамыздын оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен күтіледі.