28 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1256

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 25 қараша, Астана, Үкімет Үйі

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар
даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар, үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 – 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін    500                1881,5    2945,1


»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін    539                1 700    3 400


»;
мына:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға    500                1505,0    3098,2


»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға    537                1418    2 836


»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 — 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
мына:
«    
Назарбаев Университеті                  140                  2106,3    4212,7

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«    »;
Назарбаев Университеті                97                      2 500    5 000


».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15