Сұхбаттасушылар екіжақты стратегиялық серіктестіктің жағдайын және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
М.Тілеуберді аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті.
Екі ел Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысын сәтті өткізу сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қосымша үлес қосты.
Жақын арада өтетін "Орталық Азия - Корея Республикасы" министрлік ынтымақтастық форумына, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобаларын ілгерілетуге, денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.