"2020 жылғы 18 қарашада Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 287 үйдің жанында "Nissan Sentra" автокөлігі тоқтатылды. Көлік 28 жастағы павлодарлықтың басқаруында болды. Деректер базасын тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөлікпен жүріп-тұратыны және автокөлік үшін әкімшілік айыппұлдар бойынша 1 млн. 389 мың теңге сомасында берешегі бар екені анықталды. 2020 жылдың 1 қазанынан бастап ол жол қозғалысы ережелерін 64 рет бұзғаны анықталды, олардың барлығы фото-бейнетіркеу арқылы тіркелді", деді брифингте Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дулат Төкенов.
Полиция жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Енді оған 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе автокөлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр.
Тәртіп сақшылары "Nissan Sentra" автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті, автокөлік материал сотта қаралғаннан кейін және барлық айыппұлдарды төлегеннен кейін беріледі.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері түрлі бұзушылықтар үшін 2 916 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.